https://sputnik.kz/20260429/qazaqstan-aldagy-ush-zhylda-tolyq-tsifrlyq-elge-aynaludy-kozdep-otyr--toqaev-63063788.html
Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отыр – Тоқаев
Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отыр – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады 29.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-29T19:37+0500
2026-04-29T19:37+0500
2026-04-29T19:37+0500
цифрлы қазақстан
цифрландыру
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1d/63064228_9:0:1271:710_1920x0_80_0_0_4a51b8800eea4837a72bb174e46799a9.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Әңгімелесу барысында ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы серіктестік перспективасы талқыланды.Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды.Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады.NVIDIA және Firebird AI өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқаны жайында айтты.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1d/63064228_167:0:1114:710_1920x0_80_0_0_54262b012c88954fa1bd779a0617e51b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрлы қазақстан, цифрландыру, жасанды интеллект
цифрлы қазақстан, цифрландыру, жасанды интеллект
Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отыр – Тоқаев
Мемлекет басшысы NVIDIA және Firebird AI компанияларының өкілдерін қабылдады
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының жаһандық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту жөніндегі вице-президенті Николо Мартин Капрезбен, сондай-ақ Firebird AI компаниясының негізін қалаушылар Размиг Берг Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында ЖИ-инфрақұрылымын жобалау, салу және пайдалану бағытындағы серіктестік перспективасы талқыланды.
"Мемлекет басшысы Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық елге айналуды көздеп отырғанын жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Президенттің айтуынша, NVIDIA технологиясы негізінде суперкомпьютер кластерлерін іске қосу аталған мақсатқа жету және елдің технологиялық дербестігін нығайту ісіндегі маңызды қадам болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласында Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру бойынша стратегиялық жоба қолға алынғанына тоқталды. Онда есептеу инфрақұрылымын дамытқысы келетін инвесторларға қолжетімді электр энергиясы, телекоммуникация желісі және салық жеңілдіктері қарастырылады.
NVIDIA және Firebird AI өкілдері Арменияда осыған ұқсас жобаны жүзеге асырып жатқаны жайында айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен компания өкілдері ЖИ-экожүйесін дамыту бағытындағы бірлескен бастаманы іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.