Өскемен әуежайына 9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Өскемен әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Жазылу
Мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. "Өскемен әуежайы" АҚ монополиялық жоғары бағалар үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Тергеп-тексеру нәтижесінде әуежайдың авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға жол бергені анықталды.
Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының 2026 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен "Өскемен әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Кәсіпорынға шамамен 8,9 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне шамамен 10,6 млн теңге көлемінде монополиялық табыс тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған сомалар толық көлемде бюджетке төленді.
Ақтау әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Ақтау әуежайына еуропалық авиациялық қауіпсіздік мәртебесі берілді
Жаңалықтар
0