https://sputnik.kz/20260429/aqtobe-oblysynda-dalada-ushqyshsyz-ushaq-synyqtary-tabyldy-63050276.html
Ақтөбе облысында далада ұшқышсыз ұшақ сынықтары табылды
Ақтөбе облысында далада ұшқышсыз ұшақ сынықтары табылды
Sputnik Қазақстан
Белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты Ресей шекарасына жақын жерде құлаған 29.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-29T14:27+0500
2026-04-29T14:27+0500
2026-04-29T14:29+0500
ақтөбе
дрон
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1d/63048419_0:55:567:373_1920x0_80_0_0_be0483d3691124805a6dff5368164afe.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.Кадрда белгісіз дрон құлағаннан кейін түтінге оранған дала көрсетілген. Дрон құлаған Әлімбет ауылы Ресейдің Орск қаласынан көлікпен небәрі 40 минуттық жерде орналасқан.Бүгін таңертең Орск әуежайында ұшақтардың келуі мен кетуіне уақытша шектеулер енгізілді. Орск мэрі Артем Воробьев дрон шабуылы туралы дабыл мен "Кілем" жоспары туралы хабарлаған болатын.Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.Бұл Қазақстандағы алғашқы дрон құлауы емес. 2025 жылдың ақпан және қазан айларында, сондай-ақ 2026 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстанның шекаралас аймағының тұрғындары даладан дрон қалдықтарын тапқан.Қорғаныс министрлігі сол кезде тергеу жүріп жатқанын хабарлады, бірақ министрлік әлі нәтижелерін жариялаған жоқ.
https://sputnik.kz/20251023/batys-qazaqstan-oblysynda-ushqyshsyz-ushu-apparaty-zharylgan-58154704.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1d/63048419_0:2:567:427_1920x0_80_0_0_cbbb9313b0fa7ba8e9a2c4566cf46f62.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, дрон, тексеріс
Ақтөбе облысында далада ұшқышсыз ұшақ сынықтары табылды
14:27 29.04.2026 (жаңартылды: 14:29 29.04.2026) Белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты Ресей шекарасына жақын жерде құлаған
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.
Кадрда белгісіз дрон құлағаннан кейін түтінге оранған дала көрсетілген. Дрон құлаған Әлімбет ауылы Ресейдің Орск қаласынан көлікпен небәрі 40 минуттық жерде орналасқан.
Бүгін таңертең Орск әуежайында ұшақтардың келуі мен кетуіне уақытша шектеулер енгізілді. Орск мэрі Артем Воробьев дрон шабуылы туралы дабыл мен "Кілем" жоспары туралы хабарлаған болатын.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Ақтөбе облысы Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - делінген мәлімдемеде.
Бұл Қазақстандағы алғашқы дрон құлауы емес. 2025 жылдың ақпан және қазан айларында, сондай-ақ 2026 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстанның шекаралас аймағының тұрғындары даладан дрон қалдықтарын тапқан.
Қорғаныс министрлігі сол кезде тергеу жүріп жатқанын хабарлады, бірақ министрлік әлі нәтижелерін жариялаған жоқ.