https://sputnik.kz/20260428/turkistan-oblysynda-4-zhasar-qyzdy-shibori-talady-akimdik-ne-deydi-63026616.html
Түркістан облысында 4 жасар қызды шибөрі талады: әкімдік не дейді
Түркістан облысында 4 жасар қызды шибөрі талады: әкімдік не дейді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Отырар ауданының Шілік ауылында 4 жасар қызды шибөрі талады. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне аудан... 28.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-28T16:27+0500
2026-04-28T16:27+0500
2026-04-28T16:27+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0a/28332517_0:281:3084:2016_1920x0_80_0_0_d3f67cbeaa599fe39d1335679f61915a.jpg
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Отырар ауданының Шілік ауылында 4 жасар қызды шибөрі талады. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне аудан әкімдігі хабарлады.Оқиға 26 сәуірде болған.Шибөрі қыз баланы үш жерінен тістеп алған.Екі ересек адам амбулаториялық емге жіберілді, ал бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр. Әкімдіктің айтуынша, бұл аймақта шибөрі жиі кездеседі және тұрғындар үшін таңсық емес. Тіпті Түркістан қаласының өзінде де ұшырасады.Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін шибөрі анықталған аумақ пен зардап шеккен тұрғындардың аулалары 10 пайыздық каустикалық сода ерітіндісімен залалсыздандырылды. Жалпы 630 шаршы метр аумақ өңделді.Әкімдіктің мәліметінше, бүгін кешке шибөрілерді аулау үшін арнайы мамандар шығады.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0a/28332517_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_b1917d28ba56d05c89ee6c5aff491852.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Түркістан облысында 4 жасар қызды шибөрі талады: әкімдік не дейді
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Отырар ауданының Шілік ауылында 4 жасар қызды шибөрі талады. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне аудан әкімдігі хабарлады.
"Баланы шибөрі қауып алған. Оны көрген бір тұрғын араша түсуге келген. Сол кезде шибөрі оның бармағын тістеп үлгерген. Қашып бара жатқанда үшінші тұрғын ұстамақ болып, ол да жарақат алды. Алайда үшінші азамат шибөріні ұрып өлтіріп, кейін ветеринар мамандарға тапсырды", – деді аудан әкімдігі.
Шибөрі қыз баланы үш жерінен тістеп алған.
Екі ересек адам амбулаториялық емге жіберілді, ал бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр. Әкімдіктің айтуынша, бұл аймақта шибөрі жиі кездеседі және тұрғындар үшін таңсық емес. Тіпті Түркістан қаласының өзінде де ұшырасады.
"Ветеринариялық қызмет тарапынан шибөріден құтыру ауруына күдікті патологиялық материал алынып, аудандық ветеринариялық зертханаға жолданды.
Зардап шеккен азаматтар аудандық орталық ауруханаға жүгініп, құтыруға қарсы профилактикалық екпе алды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", – деп мәлімдеді әкімдік.
Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін шибөрі анықталған аумақ пен зардап шеккен тұрғындардың аулалары 10 пайыздық каустикалық сода ерітіндісімен залалсыздандырылды. Жалпы 630 шаршы метр аумақ өңделді.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгін кешке шибөрілерді аулау үшін арнайы мамандар шығады.