"Теңізшевройлға" 53, 7 млн теңге айыппұл салынды

© Photo : Пресс-служба ТОО "СП "Тенгизшевройл"Месторождение Тенгиз
Месторождение Тенгиз - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. "Теңізшевройл" ЖШС-ға ластаушы заттардың шығарындыларын нормативтен асырып жібергені үшін 53, 7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облысы бойынша экология департаменті.
Департамент компанияға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, Жылыой аудандық сотына жолдады. Сотта "Теңізшевройл" ЖШС кінәлі деп танылды.
"Теңізшевройл" ЖШС – мұнай қоры бойынша "Қашағаннан" кейін екінші орында тұрған мұнай-газ кен орнының операторы.
Атырау МӨЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2026
Атырау мұнай өңдеу зауытына 6,9 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0