Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Рада Украинадағы әскери жағдай мерзімін ұзартты

Верховная Рада Украины
Верховная Рада Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Украина парламенті елдегі әскери жағдай режимінің мерзімін тағы 90 күнге ұзартуға шешім қабылдады. Жоғарғы Рада депутаттарының отырысы YouTube-та тікелей эфирде көрсетілді.
Украина басшысы Владимир Зеленский дүйсенбі күні Жоғарғы Радаға әскери жағдайды 90 күнге ұзарту туралы заң жобасын ұсынған болатын.
Құжатты 315 депутат қолдады. Украина депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram каналында әскери жағдайдың 19-рет ұзартылып отырғанын жазды.
Украинада әскери жағдай 2022 жылдың 24 ақпанында енгізілді. Келесі күні Зеленский жаппай мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Содан бері оның мерзімі ұзартылып келеді.
Жаңалықтар
0