Перизат Қайраттың қоры арқылы пәтер уәде еткен: компания басшысына қатысты тергеу басталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2026
Жазылу
Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншалиге қатысты тергеу басталды.
Тергеу амалдарына сай, 2021–2024 жылдар аралығында Мөлдір Суюншали "Nura Elite" коттедж қалашығын салу сылтауымен азаматтардан қаражат тартқан.
"Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу көзделген. Алайда бүгінгі күні таунхаустар толық аяқталмаған (тек қаңқалары ғана тұр), 2023 жылдың 4-тоқсанына дейін аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалу нәтижесінде 56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құраған.
Оның ішінде 322 млн теңге Мөлдір Суюншали, жұбайының және анасының есепшоттарына аударылған, сондай-ақ 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сондай-ақ бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактісі анықталған.
Мәселен, жәбірленуші толық төлеген коттедждің бірі күдікті тарапынан жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғалардың атына рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған.
Суюншали Мөлдір сатып алушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан, алайда оларды иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған.
Үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астана қаласында "Асылхан" тұрғын үй кешенін салуға арналған жертелімін сатып алуға жұмсалған.
"Сонымен қатар, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың "Біз біргеміз" қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған", - дейді агенттікте.
Соттың санкциясымен оған үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Перизат Қайрат - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік пен ақшаны не істейді - агенттік жауабы
Жаңалықтар
0