https://sputnik.kz/20260428/aqtobe--almaty-poyyzynda-zholaushy-qaytys-boldy-63020003.html
"Ақтөбе – Алматы" пойызында жолаушы қайтыс болды
"Ақтөбе – Алматы" пойызында жолаушы қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Куәгердің айтуынша, вагонда медициналық алғашқы көмек көрсететін заттар болмаған 28.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-28T14:07+0500
2026-04-28T14:07+0500
2026-04-28T14:08+0500
алматы
ақтөбе
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59304869_0:40:800:490_1920x0_80_0_0_8053f1a98f81998656c932cf3b8f7a27.jpg
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. "Алматы - Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға пойыз құрамының 12-ші вагонында болған. Бұл туралы әлеуметтік желіде куәгер болған жолаушылардың бірі жазды.Оқиға болған вагонға келген полиция купені босатуды сұраған.Куәгердің айтуынша, вагонда медициналық алғашқы көмек көрсететін заттар болмаған."Айта кететін дүние вагонда ешқандай алғашқы көмекке қажетті заттар болмады. Тіпті тонометр болмады. Жол жүретін адамдарға денсаулығына байланысты көмек көрсетілетін дүниелер жоқ секілді", - деп жазды куәгер болған жолаушы.Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстан темір жолы компаниясынан сұрап білді. Айта кетейік, қайғылы жағдай 27 сәуірде болған."№033 жолаушылар пойызының "Алматы – Ақтөбе" қатынасымен жүру жолында 1966 жылы туған жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Пойыз бастығы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық көмек бригадасын шақыруды жедел ұйымдастырды. Келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын айтты. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - дейді компания.Темір жол басшылығының айтуынша, талаптарға сәйкес әрбір вагон әмбебап медициналық қобдишамен жабдықталған.
https://sputnik.kz/20260428/semeyde-avtobusta-er-adam-kenetten-qaytys-boldy-63017456.html
алматы
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59304869_47:0:754:530_1920x0_80_0_0_bcd75388d267ad5e09b33047c7d99f6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ақтөбе, пойыз
"Ақтөбе – Алматы" пойызында жолаушы қайтыс болды
14:07 28.04.2026 (жаңартылды: 14:08 28.04.2026) Куәгердің айтуынша, вагонда медициналық алғашқы көмек көрсететін заттар болмаған
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. "Алматы - Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызында ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға пойыз құрамының 12-ші вагонында болған. Бұл туралы әлеуметтік желіде куәгер болған жолаушылардың бірі жазды.
"Алға қаласына келгенде ұйқымнан тұрып беті қолымды жумақшы болған едім, бір аға қан қысымы көтеріліп құлады. Әйелінің жан дауысы шықты. Басқалармен бірге мен де жүгіріп бардым. Ағаны жатқызған, қасында екі қыз қолдарын уқалап тұр. Мен бірден ағаның сол аяғын қайта-қайта көтеріп жатқанын байқап, инсульт алды-ау деп сол аяғын отыра кетіп уқаладым. 103 шақырылған, бірақ Ақтөбе қаласынан күтеді екен", - дейді жолаушы.
Оқиға болған вагонға келген полиция купені босатуды сұраған.
Куәгердің айтуынша, вагонда медициналық алғашқы көмек көрсететін заттар болмаған.
"Айта кететін дүние вагонда ешқандай алғашқы көмекке қажетті заттар болмады. Тіпті тонометр болмады. Жол жүретін адамдарға денсаулығына байланысты көмек көрсетілетін дүниелер жоқ секілді", - деп жазды куәгер болған жолаушы.
Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстан темір жолы компаниясынан сұрап білді. Айта кетейік, қайғылы жағдай 27 сәуірде болған.
"№033 жолаушылар пойызының "Алматы – Ақтөбе" қатынасымен жүру жолында 1966 жылы туған жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Пойыз бастығы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық көмек бригадасын шақыруды жедел ұйымдастырды. Келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын айтты. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", - дейді компания.
Темір жол басшылығының айтуынша, талаптарға сәйкес әрбір вагон әмбебап медициналық қобдишамен жабдықталған.