Қазақстанға Нидерландыдан 7 мыңнан астам алма көшеті әкелінді

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді
Қазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Жазылу
Бұл көшеттерді отырғызу материалы вирустардан таза көшет жүйесін қалыптастыруға негіз болады
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қазақстанға Нидерландыдан 7 мыңнан астам алма телітуші тамырсабағы жеткізілді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрлік хабарлауынша, көшет шаруашылығы дамыған елден әкелінген бұл отырғызу материалы вирустардан таза көшет жүйесін қалыптастыруға негіз болады. Ол өнімділікті арттырып, жеміс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді
Қазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Қазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді
Сонымен қатар, ел ішінде де белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының биотехнологиялық зертханаларында in vitro әдісі арқылы pre-basic және basic санатындағы шамамен 3 мың өсімдік өсірілді. Олардың қатарында отандық селекцияның клондық түрлері бар. Бұл еліміздің ғылыми базасының дамып келе жатқанын және бау-бақша саласындағы әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіҚазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді
Қазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Қазақстанға Нидерландыдан 7 мың алма бұтасы әкелінді
Алматы облысында, "Талғар" филиалы базасында, вирустардан таза телітушілерді өсіруге арналған арнайы базалық учаске құрылды. Бұл нысан сапалы отырғызу материалдарын одан әрі көбейтудің негізгі көзіне айналады. Сонымен қатар, мұнда көлемі 1,5 гектар болатын бақ қалыптасып жатыр. Бұл ел ішінде көшет өндіру көлемін едәуір арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаның маңызды бағытының бірі — алма сорттарының ассортиментін кеңейту. Қазақстанға Gala, Fuji, Golden Delicious, Granny Smith сияқты сұранысқа ие коммерциялық сорттармен қатар Rubinette, Topaz және Baya Marisa секілді заманауи селекциялық жаңалықтар да әкелінді. Қазіргі уақытта олар жергілікті жағдайда сынақтан өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0