https://sputnik.kz/20260427/gruziyada-auyr-qylmys-zhasady-degen-kudikpen-qazaqstan-azamaty-ustaldy-63005186.html
Грузияда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Грузияда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтап жатыр 27.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-27T16:03+0500
2026-04-27T16:03+0500
2026-04-27T16:03+0500
грузия
қылмыс
ауыр қылмыс
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_0:293:5616:3452_1920x0_80_0_0_3c1fc69a47d306a8c0c4bf5bb12726a0.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Грузияда есірткі сақтады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады.Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыста. Мәселе министрліктің бақылауында.Ал Грузия полициясы есірткіні ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуға, сақтауға және өткізуге жәрдемдескен деген күдікпен Украина мен Қазақстан азаматтары қолға түскенін хабарлады. Екеуі әртүрлі уақытта қамауға алынған."Айыпталушылардың жеке және уақытша тұрып жатқан үйлерін тінту барысында, сондай-ақ тергеу кезінде заттай дәлелдемелер ретінде "метадон" есірткі затының аса ірі мөлшері тәркіленді. Полиция есірткі орау материалдарын да тәркіледі", - деп жазды Грузияның ішкі істер министрлігі.
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/103/63/1036352_312:0:5304:3744_1920x0_80_0_0_af40d9c9686411980bfb48ca46aee514.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грузия, қылмыс, ауыр қылмыс
грузия, қылмыс, ауыр қылмыс
Грузияда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтап жатыр
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Грузияда есірткі сақтады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігі растады.
"22 сәуірде Грузияның Имерети аймағында Қазақстан азаматы ұсталды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Грузияның құқық қорғау органдары қазақстандыққа Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігі "Есірткі құралдарын заңсыз иемдену және сақтау" бойынша айып тағып отыр", - дейді министрлік.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыста. Мәселе министрліктің бақылауында.
Ал Грузия полициясы есірткіні ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуға, сақтауға және өткізуге жәрдемдескен деген күдікпен Украина мен Қазақстан азаматтары қолға түскенін хабарлады. Екеуі әртүрлі уақытта қамауға алынған.
"Айыпталушылардың жеке және уақытша тұрып жатқан үйлерін тінту барысында, сондай-ақ тергеу кезінде заттай дәлелдемелер ретінде "метадон" есірткі затының аса ірі мөлшері тәркіленді. Полиция есірткі орау материалдарын да тәркіледі", - деп жазды Грузияның ішкі істер министрлігі.