https://sputnik.kz/20260426/oskemendegi-bazarlardyn-birinde-kasipker-kokonis-bagasyn-negizsiz-qymbattatqan-62984799.html
Өскемендегі базарлардың бірінде кәсіпкер көкөніс бағасын негізсіз қымбаттатқан
Өскемендегі базарлардың бірінде кәсіпкер көкөніс бағасын негізсіз қымбаттатқан
Sputnik Қазақстан
Көкөністер кейіннен қосымша үстеме бағамен қаланың "үй маңындағы" дүкендерінде халыққа сатылған 26.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-26T17:23+0500
2026-04-26T17:23+0500
2026-04-26T17:23+0500
өскемен
баға
базар
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59932032_0:61:2992:1743_1920x0_80_0_0_4c7f8b59c81a169f47878c229a5f3ff6.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Өскемендегі көтерме базарға жүргізілген кешенді мониторинг нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргені анықталды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.Электрондық шот-фактураларға (ЭШФ) жүргізілген талдау сәбіз, картоп және қырыққабатқа қосылған үстеме бағаның рұқсат етілген нормадан бірнеше есе асып кеткенін көрсетті.Сәбіз: Павлодар облысының шаруа қожалықтарынан 170 теңге/кг бағасымен сатып алынып, кейін басқа кәсіпкерлерге 35%-ға дейінгі үстемемен (230 теңгеге дейін) қайта сатылған.Картоп: Ақпан айында Абай облысынан 150 теңге/кг бағасымен 30 тоннадан астам өнім сатып алынған. Наурыз айында бұл картоп Өскеменде 250-ден 280 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. Нақты үстеме баға 70%-дан 86%-ға дейін жеткен.Қырыққабат: Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 130 теңге/кг бағамен сатып алынып, 200–220 теңгеден өткізілген. Үстеме баға 53%-дан 69%-ға дейін құраған.Аталған көкөністер кейіннен қосымша үстеме бағамен қаланың "үй маңындағы" дүкендерінде халыққа сатылған.Министрлік заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылатын шекті сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс екенін ескертті.
https://sputnik.kz/20260305/vitse-ministr-8-nauryzda-zhii-satylatyn-guldin-bagasyn-atady-61639565.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/19/59932032_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_0c2f75bfd69f27653e03e2ca141a7dc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, баға, базар
Өскемендегі базарлардың бірінде кәсіпкер көкөніс бағасын негізсіз қымбаттатқан
Көкөністер кейіннен қосымша үстеме бағамен қаланың "үй маңындағы" дүкендерінде халыққа сатылған
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Өскемендегі көтерме базарға жүргізілген кешенді мониторинг нәтижесінде жеке кәсіпкерлердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргені анықталды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Электрондық шот-фактураларға (ЭШФ) жүргізілген талдау сәбіз, картоп және қырыққабатқа қосылған үстеме бағаның рұқсат етілген нормадан бірнеше есе асып кеткенін көрсетті.
Сәбіз: Павлодар облысының шаруа қожалықтарынан 170 теңге/кг бағасымен сатып алынып, кейін басқа кәсіпкерлерге 35%-ға дейінгі үстемемен (230 теңгеге дейін) қайта сатылған.
Картоп: Ақпан айында Абай облысынан 150 теңге/кг бағасымен 30 тоннадан астам өнім сатып алынған. Наурыз айында бұл картоп Өскеменде 250-ден 280 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. Нақты үстеме баға 70%-дан 86%-ға дейін жеткен.
Қырыққабат: Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 130 теңге/кг бағамен сатып алынып, 200–220 теңгеден өткізілген. Үстеме баға 53%-дан 69%-ға дейін құраған.
Аталған көкөністер кейіннен қосымша үстеме бағамен қаланың "үй маңындағы" дүкендерінде халыққа сатылған.
"Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін құжаттар дайындалуда. Заң бұзушылық расталған жағдайда кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көкөніс бағасын төмендету туралы нұсқама беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қосылатын шекті сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс екенін ескертті.