Алматы облысында жоғалған турист табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Жазылу
Оған медициналық көмек қажет болмады
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы облысында құтқарушылар жоғалған туристі тапты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Сәтпаев шыңы (теңіз деңгейінен 4300 м биіктікте) маңында алты адамнан тұратын туристік топ тауға шыққан. Олардың бірі кері қайтпай, байланысқа шықпай қалған.
"Алдын ала ақпарат бойынша ол биік тауда байланыссыз қалып, бағытынан адасқан. Дабыл түскеннен кейін ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметімен бірлесіп, дереу іздеуге шықты", - деп жазылған хабарламада.
Түнде таулы беткейлерді тексеріп жүріп, құтқарушылар жоғалған адамды "Качели" деген жерден, Советов шыңы маңынан тапты. Оның жағдайы жақсы болған, медициналық көмек қажет болмады.
Қиын жағдайға қарамастан, құтқарушылар оны таудан түсіріп, қауіпсіз жерге жеткізді.
Жаңалықтар
0