Елорда тынысы

Астанада жазғы веломаусым ашылды

© Астана қаласының әкімдігіАстанада жазғы веломаусым ашылды
Астанада жазғы веломаусым ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2026
Жазылу
Дәстүр бойынша жаппай велошеру ұйымдастырылды
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада "Таза Қазақстан" республикалық акциясы мен "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жазғы веломаусымның ашылуы өтті. Дәстүр бойынша жаппай велошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Велошерудің қашықтығы 21 шақырымды құрады. Қатысушылар айналма веложолдан Қосшы қаласы бағытына қарай жолға шығып, Ильинка (Үркер) тұрғын алабындағы "Жасыл белдеу" паркінде мәреге жетті. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға мыңнан астам адам қатысты.
Ұйымдастырушылар велошерулерді халықты тұрақты спортқа тартудың тиімді құралы ретінде қарастырады.
"Маусым ішінде тағы бірнеше жарыс өткізу жоспарланған, ал дәстүрлі жабылу іс-шарасы күзде өтеді", – деді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.
Қатысушылар қатарында жас спортшылар да бар. Солардың бірі Қазақстан құрамасының биатлоншысы, 12 жастағы Абай Жұмабек түрлі дайындық түрлерін қатар алып жүреді.
"Мен биатлонмен айналысамын, сондықтан жыл бойы формада болу маңызды. Қыста – шаңғы, жазда – велосипед. Осындай жарыстар төзімділікті жоғалтпауға көмектеседі. Мұнда ұйымшылдық жоғары, маршрут та қызықты. Бұл тек жаттығу ғана емес, сонымен бірге жақсы көңіл күй сыйлайды", – деді ол.
Оның айтуынша, велошеруге қатысу маусымаралық кезеңде спорттық форманы сақтауға көмектеседі.
Алтайдан Оралға дейінгі республикалық велошеру басталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Алтайдан Оралға дейінгі республикалық велошеру басталды
Жаңалықтар
0