https://sputnik.kz/20260424/tokio-maskeumen-dialogty-qayta-zhandandyrgysy-keledi--zhaponiya-syrtqy-ister-ministri-62928940.html
Токио Мәскеумен диалогты қайта жандандырғысы келеді – Жапония сыртқы істер министрі
Токио Мәскеумен диалогты қайта жандандырғысы келеді – Жапония сыртқы істер министрі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жапония Ресеймен аумақтық мәселе және соған байланысты жобалар бойынша диалогты қайта жандандырғысы келеді, деп мәлімдеді елдің... 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T15:01+0500
2026-04-24T15:01+0500
2026-04-24T15:01+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/14/52673239_0:115:3234:1934_1920x0_80_0_0_96b248f85324fe8a986b25e656ac09ae.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жапония Ресеймен аумақтық мәселе және соған байланысты жобалар бойынша диалогты қайта жандандырғысы келеді, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги.Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Ресей мен Жапония арасындағы қарым-қатынас өте күрделі жағдайға түсіп, аумақтық мәселені талқылау мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру іс жүзінде тоқтап қалған.Сондай-ақ ол оңтүстік Куриль аралдарының бұрынғы тұрғындарының аралға қайта баруына жол ашу және осыған байланысты бастамалар Токио үшін маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті."Ресей – біздің көршіміз, сондықтан екіжақты қарым-қатынасты тиісті деңгейде ұстап тұру өте маңызды деп санаймыз. Қазіргі жағдайды ескере отырып, қарым-қатынасты қалыпқа келтіру оңай емес екенін түсінеміз, бірақ біз жинақталған мәселені шешуге мүмкіндік беретін жағдай жасау үшін барлық дипломатиялық күш-жігерімізді жұмылдырамыз", — деп түйіндеді Жапония СІМ басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/14/52673239_252:0:2983:2048_1920x0_80_0_0_7210c5e70a0d4ee31053ea425b4cb530.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Токио Мәскеумен диалогты қайта жандандырғысы келеді – Жапония сыртқы істер министрі
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жапония Ресеймен аумақтық мәселе және соған байланысты жобалар бойынша диалогты қайта жандандырғысы келеді, деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги.
Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін Ресей мен Жапония арасындағы қарым-қатынас өте күрделі жағдайға түсіп, аумақтық мәселені талқылау мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру іс жүзінде тоқтап қалған.
"Бұл біз үшін үлкен өкініш тудырады, сондықтан жағдайды қандай да бір жолмен қайта жандандыру мүмкіндігін тапқымыз келеді", — деді Мотэги парламенттің жоғарғы палатасындағы салалық комитет отырысында.
Сондай-ақ ол оңтүстік Куриль аралдарының бұрынғы тұрғындарының аралға қайта баруына жол ашу және осыған байланысты бастамалар Токио үшін маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті.
"Ресей – біздің көршіміз, сондықтан екіжақты қарым-қатынасты тиісті деңгейде ұстап тұру өте маңызды деп санаймыз. Қазіргі жағдайды ескере отырып, қарым-қатынасты қалыпқа келтіру оңай емес екенін түсінеміз, бірақ біз жинақталған мәселені шешуге мүмкіндік беретін жағдай жасау үшін барлық дипломатиялық күш-жігерімізді жұмылдырамыз", — деп түйіндеді Жапония СІМ басшысы.