https://sputnik.kz/20260424/strategiya-qabyldanyp-auqymdy-zhoba-qolga-alynady---toqaev-62944148.html
Стратегия қабылданып, ауқымды жоба қолға алынады - Тоқаев
Стратегия қабылданып, ауқымды жоба қолға алынады - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президенттің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект саласында атқарылған жұмыс аз емес 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T16:56+0500
2026-04-24T16:56+0500
2026-04-24T17:42+0500
президент
цифрландыру
құжат
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62941091_0:2:1280:722_1920x0_80_0_0_76c1fde6b03a3ae31d416f6ee06941df.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында тағы бір стратегиялық құжаттың қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Президенттің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект саласында атқарылған жұмыс аз емес. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа технологияларды енгізу үшін заңнамалық негіз жасалып, Цифрлық кодекс қабылданды. "Жасанды интеллект туралы" заң күшіне енді.Осы орайда Тоқаев цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты тәсілдерді үнемі жаңартып отыру қажеттігін ерекше атап өтті."Есептеуіш инфрақұрылымын ілгерілету маңызды бағыт болып қала береді. Суперкомпьютер кластерінің іске қосылуы еліміздің технологиялық дербестігін нығайтудағы айтулы уақиға болды. Келесі мақсат – елімізде Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру. Аталған ауқымды жобаны іске асыру жаңа инвестиция тартуға және өңірлік цифрлық хаб ретіндегі позициямызды күшейтуге мүмкіндік береді", - деді президент.Сонымен қатар, осы жиында президент жасанды интеллект бойынша үздік шешімдерді енгізген мемлекеттік органдарды марапаттады. Мемлекеттік органдар арасында ішкі істер министрлігі "AI Қауіпсіздік" аталмында үздік деп танылды."AI Экономикада" - бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, "AI Әлеуметтік саясат" аталымында - Астана қаласының әкімдігі, "AI Өңірде" - Ақмола облысының әкімдігі, "AI Азаматтарға қызметте" - Қарағанды облысының әкімдігі, ал "KEGOC" компаниясы "AI Квазимемлекеттік сектор" аталымында топ жарды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы alem.ai battle жарысының жеңімпаздарын марапаттады.
https://sputnik.kz/20260423/toqaev-pen-gebreyesus-densaulyq-salasyna-zhi-di-engizu-maselesin-talqylady-62895693.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/18/62941091_73:0:1162:817_1920x0_80_0_0_8a1ac80913de0d04ebe0276c95a8cbcf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, цифрландыру, құжат
президент, цифрландыру, құжат
Стратегия қабылданып, ауқымды жоба қолға алынады - Тоқаев
16:56 24.04.2026 (жаңартылды: 17:42 24.04.2026) Президенттің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект саласында атқарылған жұмыс аз емес
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында тағы бір стратегиялық құжаттың қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президенттің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект саласында атқарылған жұмыс аз емес. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа технологияларды енгізу үшін заңнамалық негіз жасалып, Цифрлық кодекс қабылданды. "Жасанды интеллект туралы" заң күшіне енді.
"Таяу арада Қазақстанның цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі. Бәріңізге белгілі, биыл елімізде – "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы". Сондықтан алдымызда әлі де көп жұмыс бар. Ширақ қимылдап, тұтас қоғам болып табанды еңбек етуіміз керек", – деді мемлекет басшысы.
Осы орайда Тоқаев цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты тәсілдерді үнемі жаңартып отыру қажеттігін ерекше атап өтті.
"Есептеуіш инфрақұрылымын ілгерілету маңызды бағыт болып қала береді. Суперкомпьютер кластерінің іске қосылуы еліміздің технологиялық дербестігін нығайтудағы айтулы уақиға болды. Келесі мақсат – елімізде Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру. Аталған ауқымды жобаны іске асыру жаңа инвестиция тартуға және өңірлік цифрлық хаб ретіндегі позициямызды күшейтуге мүмкіндік береді", - деді президент.
Сонымен қатар, осы жиында президент жасанды интеллект бойынша үздік шешімдерді енгізген мемлекеттік органдарды марапаттады. Мемлекеттік органдар арасында ішкі істер министрлігі "AI Қауіпсіздік" аталмында үздік деп танылды.
"AI Экономикада" - бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, "AI Әлеуметтік саясат" аталымында - Астана қаласының әкімдігі, "AI Өңірде" - Ақмола облысының әкімдігі, "AI Азаматтарға қызметте" - Қарағанды облысының әкімдігі, ал "KEGOC" компаниясы "AI Квазимемлекеттік сектор" аталымында топ жарды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы alem.ai battle жарысының жеңімпаздарын марапаттады.