https://sputnik.kz/20260424/kokshetauda-zhasandy-intellekt-boyynsha-algashqy-mektep--tomorrow-school-ashyluda-62948491.html
Көкшетауда жасанды интеллект бойынша алғашқы мектеп ашылды
Көкшетауда жасанды интеллект бойынша алғашқы мектеп ашылды
Sputnik Қазақстан
Жоба дәстүрлі оқыту жүйесінен түбегейлі өзгеше форматты ұсынады 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T20:41+0500
2026-04-24T20:41+0500
2026-04-24T20:41+0500
мектеп
жасанды интеллект
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/17/58156610_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_59641ee6e4e6c825ddc29092ecfb3955.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Көкшетауда жасанды интеллект бойынша алғашқы мектеп ашылып жатыр, деп хабарлады Ақмола облысының әкімідгі.Бүгін ел бойынша Tomorrow School білім беру жобасының ресми іске қосылуы өтті. Аймақтардағы, соның ішінде Ақмола облысындағы инновациялық кампустардың жұмысына Мемлекет басшысы телемост форматында старт берді.Өңірдегі алғашқы бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School инновациялық кампусы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты базасында бірегей халықаралық әдістеме бойынша жұмысын бастайды.Өңір тұрғындары сұранысқа ие бағыттарды тегін меңгеру мүмкіндігіне ие болады: машиналық оқыту, үлкен деректермен жұмыс және терең оқыту. Кампус қуатты графикалық станциялармен және Astana Hub стандарттарына сәйкес келетін инфрақұрылыммен жабдықталған.Бүгінде жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайтын заманауи кеңістік толық дайындалып, 50 жұмыс орнына арналған оқу кластері жабдықталды және техникалық инфрақұрылым ретке келтірілді.
https://sputnik.kz/20260401/qazaqstanda-zhasandy-intellekt-boyynsha-uzdik-zhobalar-anyqtaldy-62328721.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/17/58156610_244:0:1204:720_1920x0_80_0_0_d325da246c32f16ba6573c05cb5233cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, жасанды интеллект, ақмола облысы
мектеп, жасанды интеллект, ақмола облысы
Көкшетауда жасанды интеллект бойынша алғашқы мектеп ашылды
Жоба дәстүрлі оқыту жүйесінен түбегейлі өзгеше форматты ұсынады
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Көкшетауда жасанды интеллект бойынша алғашқы мектеп ашылып жатыр, деп хабарлады Ақмола облысының әкімідгі.
Бүгін ел бойынша Tomorrow School білім беру жобасының ресми іске қосылуы өтті. Аймақтардағы, соның ішінде Ақмола облысындағы инновациялық кампустардың жұмысына Мемлекет басшысы телемост форматында старт берді.
Өңірдегі алғашқы бағдарламалау және жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School инновациялық кампусы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты базасында бірегей халықаралық әдістеме бойынша жұмысын бастайды.
"Жоба дәстүрлі оқыту жүйесінен түбегейлі өзгеше форматты ұсынады. Мұнда үйреншікті дәрістер, мұғалімдер мен бағалар жоқ. Оқыту 01EDU платформасына негізделіп, "тең – теңімен" қағидаты бойынша құрылады: студенттер практикалық IT-кейстерді шешу арқылы білім алып, өзара әрекеттеседі", - деп жазылған хабарламада.
Өңір тұрғындары сұранысқа ие бағыттарды тегін меңгеру мүмкіндігіне ие болады: машиналық оқыту, үлкен деректермен жұмыс және терең оқыту. Кампус қуатты графикалық станциялармен және Astana Hub стандарттарына сәйкес келетін инфрақұрылыммен жабдықталған.
Бүгінде жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайтын заманауи кеңістік толық дайындалып, 50 жұмыс орнына арналған оқу кластері жабдықталды және техникалық инфрақұрылым ретке келтірілді.