https://sputnik.kz/20260424/keyingi-bes-zhyldyn-ishinde-qazaqstanda-ana-olimi-35-ga-tomendedi-62921071.html
Кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді 24.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-24T08:24+0500
2026-04-24T08:24+0500
2026-04-24T08:24+0500
денсаулық сақтау министрлігі
ана өлімі
бала өлімі
https://sputnik.kz/img/924/72/9247226_0:104:2971:1775_1920x0_80_0_0_96bbe6484af3789fb5ebc76868f01350.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Министрдің айтуынша, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді. Климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналған.Оның мәліметінше, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу, әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған "Аналар саулығы" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және облыстық перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды. Жүкті әйелдердің 90%-дан астамы 12 аптаға дейін есепке алынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/924/72/9247226_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_59f5b149bdd33f25d94c153c77b79459.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, ана өлімі, бала өлімі
денсаулық сақтау министрлігі, ана өлімі, бала өлімі
Кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Кейінгі бес жылдың ішінде Қазақстанда ана өлімі 35%-ға азайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен Орталық Азиядағы әйелдер мен жастар денсаулығына климаттық және экологиялық қауіптердің әсеріне арналған халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрдің айтуынша, сондай-ақ ана мен бала денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізілді. Сонымен қатар нәресте және перинаталдық өлім көрсеткіштері де төмендеді. Климаттың өзгеруі халық денсаулығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналған.
"Климаттық қауіптер адам денсаулығына, демографиялық үдерістерге және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін жүйелі факторға айналып отыр", – деп атап өтті Әлназарова.
Оның мәліметінше, температураның көтерілуі мен экологиялық факторлар инфекциялық және жүрек-қантамыр ауруларының қаупін арттырып, әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Елімізде жүкті әйелдерді ерте бақылауға алу, әйелдер денсаулығын нығайтуға бағытталған "Аналар саулығы" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және облыстық перинаталдық орталықтарда әйелдер консультацияларының қызметі қайта жанданды. Жүкті әйелдердің 90%-дан астамы 12 аптаға дейін есепке алынады.