Әскерден жалтарып жүрген жастарға қатысты шектеу шаралары енгізілмек

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2026
Жазылу
Қандай шектеулер енгізілетіні әзірге нақтыланбаған
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскерден жиі жалтаратын жастарға қатысты шектеу шараларын енгізу мәселесін қарастыруға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық кеңесте алдымен бірыңғай шақырту тізілімін қолдану мәселесі пысықталды.
"Бірыңғай шақырту тізілімін енгізу хабарлау жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз азаматтарды уақтылы әрі толық ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың конституциялық міндетін орындауын жүйелі түрде қолдайтын заманауи цифрлық тетікті қалыптастырамыз", – деді генерал-лейтенант Қосанов.
Осы бастама аясында әскерге шақырудан жүйелі түрде жалтарып жүрген азаматтарға қатысты уақытша шектеу шараларын енгізу мәселесі де қарастырылып отыр. Аталған шаралар уақытша сипатта болады.
Ал мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында сарбаздардың ай сайынғы қаржылай қажеттілік үлесін арттыру және әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жетілдіру мәселесі пысықталады.
Айта кетері, қазіргі кезде әскерге шақырылатын адамдарға SMS және eGov.kz арқылы хабарлама жіберіледі.
Жаңалықтар
0