Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте Оман халқын қолдайтынын айтты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Оман Сұлтандығы премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында президент Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін жеткізді.
"Екіжақты саяси-экономикалық байланыстарымыз нығайып келе жатыр. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын. Ұлы мәртебелі Сұлтанның Астанаға сапармен келуін күтеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Премьер-министрдің орынбасары екі елдің қарым-қатынасы 1992 жылдан бастау алатынын айтып, шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнатылғанын еске салды.
"Бізді барлық бағытты, соның ішінде мәдениет, сауда, экономика және туризм салаларын қамтыған тығыз ықпалдастық байланыстырады. Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз", – деді Зиязин бен Хайсам Әл Саид.
Қазақстан президенті Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте бауырлас Оман халқын қолдайтынын тағы да айтты.
Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады.
Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударылды.
Резиденция президента Казахстана - Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Тоқаев пен Гебрейесус денсаулық саласына ЖИ-ді енгізу мәселесін талқылады
Жаңалықтар
0