https://sputnik.kz/20260423/toqaev-qazaqstandyqtardy-ulttyq-kitap-kunimen-quttyqtady-62885693.html
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. 23.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-23T09:18+0500
2026-04-23T09:18+0500
2026-04-23T09:18+0500
қасым-жомарт тоқаев
кітап
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0a/56965024_0:58:627:411_1920x0_80_0_0_3b788264ed4345a22883ac693c130435.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.Президент қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатқанын, соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайтынын атап өтті.Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
https://sputnik.kz/20260118/smartfonga-teledidarga-telmirmeydi-elordalyq-zhetkinshek-850-kitap-oqygan-60488891.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0a/56965024_2:0:626:468_1920x0_80_0_0_a3108c85522dddb2d3dd001521e4644e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, кітап
қасым-жомарт тоқаев, кітап
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан. Президент қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатқанын, соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайтынын атап өтті.
"Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.