https://sputnik.kz/20260423/koktemde-qansha-adam-askerge-shaqyrylady-62900423.html
Көктемде қанша адам әскерге шақырылады
Көктемде қанша адам әскерге шақырылады
Sputnik Қазақстан
Әскерден жалтарғандар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған 23.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-23T14:27+0500
2026-04-23T14:27+0500
2026-04-23T14:27+0500
көктем
әскери борыш
әскери қызметкер
әскерилер
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Биыл көктемгі әскерге шақыру кезінде 21 мыңнан астам адамға азаматтық борышын атқаруға хабарлама жіберіледі. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әскерге шақырылатын жастардың жартысынан көбі қарулы күштерде өз міндетін атқарса, қалғаны ұлттық ұлан, шекара қызметі және тағы әскери құрылымдарға шақырылады.Айта кетері, бүгінде әскерге барған азаматтарға сан алуан жеңілдіктер беру қарастырылған. Олар:Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды.
https://sputnik.kz/20251206/askeri-qyzmetshilerdin-nesiesiboyynsha-tolemdi-keyinge-qaldyru-neni-bilu-kerek-59390990.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көктем, әскери борыш, әскери қызметкер, әскерилер
көктем, әскери борыш, әскери қызметкер, әскерилер
Көктемде қанша адам әскерге шақырылады
Әскерден жалтарғандар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Биыл көктемгі әскерге шақыру кезінде 21 мыңнан астам адамға азаматтық борышын атқаруға хабарлама жіберіледі. Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Әскерге шақырылатын жастардың жартысынан көбі қарулы күштерде өз міндетін атқарса, қалғаны ұлттық ұлан, шекара қызметі және тағы әскери құрылымдарға шақырылады.
"Әрбіреуіне SMS-хабарлама жіберіледі. Ал әскерден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді Мұстабеков сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, бүгінде әскерге барған азаматтарға сан алуан жеңілдіктер беру қарастырылған. Олар:
әскерге барғандар үшін оқуды өтеу міндетінен босату;
медициналық комиссия кезінде әскерге шақырылған адамның жұмыс орнын, қызметін және жалақысын сақтау;
әскерге өз еркімен барған жастардың грантын сақтау және әскери қызмет кезінде оны білім беру ұйымынан шығарып жіберуге жол бермеу;
ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихан нәтижелері есепке алынбай, қызметтен кеткен күннен бастап екі жыл ішінде техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға өтеулі негізде оқуға түсу.
Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап мерзімді әскери қызмет өткеретін азаматтар микрокредиттер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды
кейінге қалдыру құқығына ие болды.