Еуразияның әрбір халқы өз тарихын қастерлейді - Песков

© POOL / Медиабанкке өтуДмитрий Песков
Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Жазылу
Оның айтуынша, Еуразия халықтары бірге болса, алынбайтын қамал жоқ
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Еуразия халықтары бөлек-бөлек әлсіз, ал бірге болса, бәрін дерлік істей алады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Песков Мәскеуде өтіп жатқан "Еуразия – дәстүрлік құндылықтар аумағы" атты II Халықаралық іскерлік-қоғамдық форумына қатысып, сөйлеген сөзінде Еуразия халықтарының ерекшелігіне тоқталды.
"Біз сіздермен бірге бірегей кеңістікте – Еуразия кеңістігіне өмір сүріп жатырмыз. Бұл жерде жүздеген, бәлкім, мыңдаған халық, ұлт ғасырлар бойы бірге тұрған. Бүгінде сол халықтардың әрқайсысы өз құндылықтарын, ұлттық құндылықтарын қастерлейді", - деді Песков.
Оның айтуынша, Еуразия халықтары бірге болса, алынбайтын қамал жоқ.
"Осылай бірге жұмыс істей берейік. Болашаққа қарайық, болашағымызға сенімді болайық. Сол болашақта өзімізді бөлек емес, бірге көрейік. Себебі бөлек болсақ, біз өте әлсізбіз. Ал бірге бірге болсақ, бәрін дерлік істей аламыз", - деді Песков.
Мария Захарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Ресей СІМ өкілі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру идеясы үшін алғыс білдірді
Жаңалықтар
0