https://sputnik.kz/20260423/euraziyalyq-ekonomikalyq-odaqta-kedendik-tranzittin-biryngay-zhuyesi-engiziledi-62884288.html
Еуразиялық экономикалық одақта кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі енгізіледі
Еуразиялық экономикалық одақта кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі енгізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен үшінші тараптың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді... 23.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-23T13:26+0500
2026-04-23T13:26+0500
2026-04-23T13:26+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0e/55611978_0:15:1229:706_1920x0_80_0_0_48122b54b1d4ab19bd38f5959329cb0f.png
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен үшінші тараптың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялады.Құжатқа 2024 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.Жүйе мынадай негізгі элементтерді қамтиды:Жүйені енгізу кедендік рәсімдерді стандарттауға және жеңілдетуге, транзит кезіндегі бизнестің уақыт пен қаражат шығынын азайтуға, ақпарат алмасуды жеделдетуге, жеткізілімдердің қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0e/55611978_135:0:1095:720_1920x0_80_0_0_06d6b61a8fb04c457ff9d52f05324223.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Еуразиялық экономикалық одақта кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі енгізіледі
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен үшінші тараптың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялады.
Құжатқа 2024 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында қол қойылған.
"Құжат ЕАЭО мен үшінші тараптардың кедендік шекаралары арқылы тауар тасымалдауға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін қалыптастыруды көздейді", - деп жазылған мәжілістің хабарламасында.
Жүйе мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
электронды форматтағы бірыңғай транзиттік декларацияны қолдану;
кедендік алымдар мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін пайдалану;
тауарлардың бүкіл жүру жолында тасымалды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану;
кеден органдары шешімдері мен кедендік бақылау нәтижелерін өзара тану.
Жүйені енгізу кедендік рәсімдерді стандарттауға және жеңілдетуге, транзит кезіндегі бизнестің уақыт пен қаражат шығынын азайтуға, ақпарат алмасуды жеделдетуге, жеткізілімдердің қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.