https://sputnik.kz/20260423/atyrau-oblysynda-adam-suyegi-shashylyp-zhatyr-akim-ne-deydi-62897131.html
Атырау облысында адам сүйегі шашылып жатыр: әкім не дейді
Атырау облысында адам сүйегі шашылып жатыр: әкім не дейді
Sputnik Қазақстан
Марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу жұмыстары жүргізіледі 23.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-23T13:01+0500
2026-04-23T13:01+0500
2026-04-23T13:01+0500
атырау облысы
ескі зират
https://sputnik.kz/img/582/63/5826350_0:0:1000:563_1920x0_80_0_0_403f4c9ea01ad94911b37c49711354a5.jpg
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданы Қаратон ауылына қарасты аумақта адам сүйегі шашылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Желіде тараған видеоға қатысты Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов пікір білдірді.Сүйектердің жер бетіне шығып қалуына табиғат құбылысы себеп болған.Әкімнің айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болған емес."Бұған дейін ауыл ақсақалдарымен ескі Қаратонға барып қайтқанбыз, бірақ мұндай жағдайды көрмедік. Ол жерде қанша адамның сүйегі жатыр, ол жағы белгісіз. Енді марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Жаңа Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/582/63/5826350_135:0:935:600_1920x0_80_0_0_142b767be0370aa1b76e0237a6d84a72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, ескі зират
атырау облысы, ескі зират
Атырау облысында адам сүйегі шашылып жатыр: әкім не дейді
Марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу жұмыстары жүргізіледі
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Атырау облысы Жылыой ауданы Қаратон ауылына қарасты аумақта адам сүйегі шашылып жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Желіде тараған
видеоға қатысты Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов пікір білдірді.
"Бұл бейнежазба ескі Қаратон ауылының зиратында түсірілген. Қазір ол ескі Қаратонда ешкім тұрмайды, 1993 жылдан бастап Жаңа Қаратонға 6 шақырым жерге көшірілген", - дейді әкім.
Сүйектердің жер бетіне шығып қалуына табиғат құбылысы себеп болған.
"Құм көшіп, бейіттердің беті ашылып, сүйектер сыртқа шығып қалып жатыр. Бұл қорымдар сол ескі Қаратонға тиесілі, 1993 жылдан бері ол жерге ешкім жерленбеген", - дейді Сансызбай Байұратов.
Әкімнің айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болған емес.
"Бұған дейін ауыл ақсақалдарымен ескі Қаратонға барып қайтқанбыз, бірақ мұндай жағдайды көрмедік. Ол жерде қанша адамның сүйегі жатыр, ол жағы белгісіз. Енді марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді Жаңа Қаратон ауылының әкімі Сансызбай Баймұратов.