https://sputnik.kz/20260422/qazaq-tili-algash-ret-khalyqaralyq-olimpiadada-zhumys-tili-retinde-bekitildi-62825850.html
Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді
Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. 22.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-22T08:00+0500
2026-04-22T08:00+0500
2026-04-22T08:00+0500
қазақ тілі
оқушы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62825944_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_b17461050c87745b4572528cd072b595.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) қазақ тілі алғаш рет халықаралық пәндік олимпиаданың жұмыс тілі ретінде қолданылды.APLO-2026 олимпиадасы Азиаттық-Тынық мұхиты елдері Қазақстан, Қытай , Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиландтан келген 300-ге жуық дарынды оқушыны біріктірді.Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Биыл ел намысын 8 оқушы қорғады. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, 4 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды.Жеке есепте Азия елдерінен іріктелген үздік қатысушылар арасында Шыңғыс Қарасаев 9-орынды иеленді. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы 8-орынға тұрақтады. Алтын медальді Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Қарасаев жеңіп алды.Күміс жүлдені Астана қаласының Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков иеленді. Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT-лицейінің 11-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев пен Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Кирилл Тұрғымбаев қола медаль иегері атанды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62825944_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_738b006103d60c3315b869292de36580.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақ тілі, оқушы, мектеп
қазақ тілі, оқушы, мектеп
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) қазақ тілі алғаш рет халықаралық пәндік олимпиаданың жұмыс тілі ретінде қолданылды.
"Олимпиада барысында тапсырмалар мен олардың ресми шешімдері ұйымдастырушылардың платформасында қазақ тілінде жарияланды. Осылайша, қазақ тілінің халықаралық академиялық коммуникация құралы ретіндегі әлеуеті іс жүзінде дәлелденді", - деп жазылған хабарламада.
APLO-2026 олимпиадасы Азиаттық-Тынық мұхиты елдері Қазақстан, Қытай , Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиландтан келген 300-ге жуық дарынды оқушыны біріктірді.
Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға үшінші рет қатысып отыр. Биыл ел намысын 8 оқушы қорғады. Нәтижесінде қазақстандық оқушылар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар, 4 қатысушы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жеке есепте Азия елдерінен іріктелген үздік қатысушылар арасында Шыңғыс Қарасаев 9-орынды иеленді. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы 8-орынға тұрақтады. Алтын медальді Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Шыңғыс Қарасаев жеңіп алды.
Күміс жүлдені Астана қаласының Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков иеленді. Ақтау қаласындағы мамандандырылған IT-лицейінің 11-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев пен Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы Кирилл Тұрғымбаев қола медаль иегері атанды.