https://sputnik.kz/20260422/maslikhat-deputattaryna-tolem-beriledi--zan-zhobasy-maquldandy-62858053.html
Мәслихат депутаттарына төлем беріледі – заң жобасы мақұлданды
Мәслихат депутаттарына төлем беріледі – заң жобасы мақұлданды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп... 22.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-22T12:14+0500
2026-04-22T12:14+0500
2026-04-22T12:14+0500
мәслихат
мәслихат депутаты
төлем
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f67d7a0e4071d498b2110d6f193d8560.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заңда мәслихаттардың рөлін күшейтуге басымдық беріліп отыр. Мәселен, депутаттар әкімнің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспардың орындалуын бақылайды.Сондай-ақ, бюджетке түзетулер енгізуге бастамашылық етіп, бюджет комиссиясының жұмысына қатысады. Мәслихат депутаттарының әлеуметтік кепілдіктері де күшейтіледі.Заңда мәслихаттың аппарат басшысын тағайындау және қызметінен босату тәртібі де белгіленіп отыр. Енді бұл құзырет тікелей мәслихат төрағасына беріледі.Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылымға дейін бұл құжатқа тағы түзету енгізілуі мүмкін.Айта кетері, Қазақстанда мәслихат депутаттарына жалақы төленбейді. Олар бұл жұмысты негізгі қызметімен бірге алып жүреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_72c96b1ef361e94a77ee4bda565f059d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәслихат, мәслихат депутаты, төлем
мәслихат, мәслихат депутаты, төлем
Мәслихат депутаттарына төлем беріледі – заң жобасы мақұлданды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан тілшісі.
Заңда мәслихаттардың рөлін күшейтуге басымдық беріліп отыр. Мәселен, депутаттар әкімнің халықпен кездесуінен кейін қабылданған жоспардың орындалуын бақылайды.
Сондай-ақ, бюджетке түзетулер енгізуге бастамашылық етіп, бюджет комиссиясының жұмысына қатысады. Мәслихат депутаттарының әлеуметтік кепілдіктері де күшейтіледі.
"Атап айтқанда, іссапар шығындарын өтеу қарастырылған. Сондай-ақ, мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға төлемдер беріледі", - дейді депутат Екатерина Смышляева.
Заңда мәслихаттың аппарат басшысын тағайындау және қызметінен босату тәртібі де белгіленіп отыр. Енді бұл құзырет тікелей мәслихат төрағасына беріледі.
Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Екінші оқылымға дейін бұл құжатқа тағы түзету енгізілуі мүмкін.
Айта кетері, Қазақстанда мәслихат депутаттарына жалақы төленбейді. Олар бұл жұмысты негізгі қызметімен бірге алып жүреді.