Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстан мен Грузия президенттері
Қазақстан мен Грузия президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2026
Жазылу
Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Грузия президенті Михаил Кавелашвилимен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилимен кездесті.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили
Касым-Жомарт Токаев и Михаил Кавелашвили - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили
Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.

"Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын айтып, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады. Президенттер ынтымақтастықтың қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты", - деп жазылған хабарламада.

Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Жаңалықтар
0