https://sputnik.kz/20260422/eaeo-da-ulttyq-valyutamen-ozara-esep-ayyrysu-ulesi-93-ga-zhetti-62853793.html
ЕАЭО-да ұлттық валютамен өзара есеп айырысу үлесі 93%-ға жетті
ЕАЭО-да ұлттық валютамен өзара есеп айырысу үлесі 93%-ға жетті
Sputnik Қазақстан
Бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы туралы ЕЭК министрі Сұлтанов баяндады 22.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-22T09:40+0500
2026-04-22T09:40+0500
2026-04-22T09:40+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07ea/04/16/62851356_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0f49f8e49ce9f5b7ba9e1f8a27479152.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. ЕАЭО-да ұлттық валютамен өзара есеп айырысу үлесі 93%-ға жетті. Бұл туралы Шанхайдағы II Еуразиялық қаржы-экономикалық форумында ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов айтты.Министр ЕАЭО тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздікке стратегиялық басымдық беріп отырғанын хабарлады. Ең басты көрсеткіш – елдер арасындағы есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдану бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге жетті.Ол кәсіпкерлер мен инвесторларды ынтымақтастыққа шақырды."Өнеркәсіп саласындағы жобаларды жеңілдетілген қаржыландыру шарттары өте тартымды – субсидия негізгі мөлшерлеме көлемінде беріледі, бұл Еуразиялық алаңды жоғары технологиялық бизнес-бастамаларды іске қосу үшін бәсекеге қабілетті етеді", – деді министр.Бұдан бөлек, ол іс-шараға қатысушыларды 28-29 мамырда Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форум мен "Антиконтрафакт-2026" халықаралық форумының алаңдарында диалогты жалғастыруға шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/16/62851356_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_5b0b53adb6310a67cf08c5970ef76cde.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да ұлттық валютамен өзара есеп айырысу үлесі 93%-ға жетті
Бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы туралы ЕЭК министрі Сұлтанов баяндады
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. ЕАЭО-да ұлттық валютамен өзара есеп айырысу үлесі 93%-ға жетті. Бұл туралы Шанхайдағы II Еуразиялық қаржы-экономикалық форумында ЕЭК-тің экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
Министр ЕАЭО тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздікке стратегиялық басымдық беріп отырғанын хабарлады. Ең басты көрсеткіш – елдер арасындағы есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдану бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге жетті.
"Бүгін ЕАЭО елдері арасында тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты бойынша өзара есеп айырысудағы ұлттық валюталардың үлесі 93%-ға жетті. Бұл жай ғана сан емес, одақ ішіндегі және біздің сыртқы серіктестермен, соның ішінде Қытаймен трансшекаралық төлемдер кезінде тәуекелдерді азайту және бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыру жұмысының нәтижесі", - деді Сұлтанов.
Ол кәсіпкерлер мен инвесторларды ынтымақтастыққа шақырды.
"Өнеркәсіп саласындағы жобаларды жеңілдетілген қаржыландыру шарттары өте тартымды – субсидия негізгі мөлшерлеме көлемінде беріледі, бұл Еуразиялық алаңды жоғары технологиялық бизнес-бастамаларды іске қосу үшін бәсекеге қабілетті етеді", – деді министр.
Бұдан бөлек, ол іс-шараға қатысушыларды 28-29 мамырда Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форум мен "Антиконтрафакт-2026" халықаралық форумының алаңдарында диалогты жалғастыруға шақырды.