Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинадағы әскери жарақаттар туралы деректерді жинауға 12,4 млн доллар бөлген

© Photo : DoD/Lisa FerdinandoАмериканский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон
Американский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. АҚШ Қорғаныс министрлігі Америка мен НАТО армияларының әскери-медициналық дайындығын жетілдіру үшін Украинадағы әскери жарақаттар туралы деректерді жинап, зерттеген, оған12,4 миллион доллар бөлген. Бұл туралы АҚШ үкіметінің деректерінде айтылған.
2023 жылдың ақпанында Генри М. Джексон атындағы қормен (HJF) келісімшарт 3 миллион долларға жасалып, кейін қосымша келісімдер арқылы 12,4 миллион долларға дейін ұлғайтылған. Ресми түрде жоба 2025 жылдың қыркүйегінде аяқталғанымен, 2026 жылдың қаңтарында жұмыс жалғасқан.

"HJF ұйымы Aspen Medical USA компаниясымен бірлесіп, АҚШ пен НАТО-ның қазіргі және болашақтағы әскери-медициналық операцияларында қолданылатын медициналық сабақтарды әзірлеп жатыр", - делінген ұйымның хабарламасында.

Бағдарлама жарақат алған сәттен бастап стационарлық емге дейінгі барлық медициналық көмекті қамтиды. Сонымен қатар, Украина Денсаулық сақтау министрлігі арқылы азаматтық медицина деректері пайдаланылған. Деректерді жинауға шығын көп болатын қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін Global Response Medicine ұйымы да тартылған.
Жаңалықтар
0