https://sputnik.kz/20260421/toqaev-qazaqstan-men-mongoliya--ezhelgi-koshpendiler-orkenietinin-muragerleri-62834145.html
Тоқаев: Қазақстан мен Моңғолия – ежелгі көшпенділер өркениетінің мұрагерлері
Тоқаев: Қазақстан мен Моңғолия – ежелгі көшпенділер өркениетінің мұрагерлері
Sputnik Қазақстан
Президенттер Астана мен Ұланбатыр арасында тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруға келісті 21.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-21T12:20+0500
2026-04-21T12:20+0500
2026-04-21T12:20+0500
моңғолия
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62827314_0:147:977:697_1920x0_80_0_0_418745ff70d8f5675d3f06f6c0e3b999.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Кеңейтілген отырыста Тоқаев алдымен екі елдің ортақ тарихына тоқталды.Осы орайда президент Моңғолия басшысының мемлекеттік сапары екі елдің қарым-қатынасын бекемдей түсуге жол ашатынына сенім білдірді.Қазақстан мен Моңғолия арасында тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Өнеркәсіп саласында нақты жобалар да іске қосылады.Екі елдің басшысы Астана мен Ұланбатыр арасында тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруға да келісті.
моңғолия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62827314_0:55:977:788_1920x0_80_0_0_5074466f3ea5d8158d11afdcc4973885.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
моңғолия, қасым-жомарт тоқаев
моңғолия, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: Қазақстан мен Моңғолия – ежелгі көшпенділер өркениетінің мұрагерлері
Президенттер Астана мен Ұланбатыр арасында тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруға келісті
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөз өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кеңейтілген отырыста Тоқаев алдымен екі елдің ортақ тарихына тоқталды.
"Біз – Еуразиядағы ежелгі көшпенділер өркениетінің мұрагерлеріміз. Қазақ пен моңғол – тарихы ортақ, достығы жарасқан, тамыры бір, салт-дәстүрі ұқсас халықтар. Қазақстан Моңғолиямен ынтымақтастықты барынша нығайтуға айрықша мән береді", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент Моңғолия басшысының мемлекеттік сапары екі елдің қарым-қатынасын бекемдей түсуге жол ашатынына сенім білдірді.
"Оған қажетті ерік-жігеріміз және ниетіміз бар. Сауда-экономикалық әлеуетіміз де жеткілікті. Мен 2024 жылғы қазанда Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапарымды ерекше сезіммен еске аламын. Сапар аясында көптеген уағдаластыққа қол жеткізіп, маңызды құжаттарға қол қойдық. Соның нәтижесінде екі жақты қарым-қатынасымыз стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазақстан мен Моңғолия арасында тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Өнеркәсіп саласында нақты жобалар да іске қосылады.
"Бүгін елордамызда қазақ-моңғол бизнес форумы өтеді. Оған Моңғолиядан келген көптеген компания қатыспақшы. Біз мұны толық құптаймыз", - деді Тоқаев.
Екі елдің басшысы Астана мен Ұланбатыр арасында тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруға да келісті.