Тоқаев Моңғолия президентін Ақордада қарсы алды

© Sputnik / Санат ИманғалиевҚасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты түрде қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты түрде қарсы алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Салтанатты шара кезінде екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Моңғолия мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.
Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Одан кейін екі елдің басшысы бірлескен мәлімдеме жасайды. Келіссөздерден кейін бірқатар құжатқа қол қойылады.
Айта кетері, Моңғолия басшысы мемлекеттік сапармен келді. Бұл – кейінгі 20 жылдағы Моңғолия басшысының Қазақстанға жасап отырған алғашқы мемлекеттік сапары. Ухнаагийн Хурэлсух Астанаға 2024 жылы келіп кеткен, ол кезде ШЫҰ-ның саммитіне қатысты. Сол жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды.
Моңғолияда Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2024
Моңғолияда Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Жаңалықтар
0