Қызылшамен сырқаттанғандар саны 30%-ға төмендеді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВакцинация от кори, архивное фото
Вакцинация от кори, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстанда қызылшамен сырқаттанғандар саны 30%-ға төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Соңғы бір аптаның ішінде инфекция жұқтыру жағдайларының саны шамамен үштен бірге азайды.
"Сонымен қатар, сырқаттанушылардың басым бөлігі екпе алмағандар болып отыр, бұл екпенің тиімділігін дәлелдейді", - деп жазылған хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес соңғы аптада қызылша жұқтырған 212 науқас тіркелген, ал оның алдындағы аптада – 302 жағдай тіркелген. Бұл сырқаттанғандардың 30%-ға төмендегенін көрсетеді.
Ауру жұқтыру деректері ең көп тіркелген өңірлер:
Астана қаласы – 46 жағдай,
Павлодар облысы – 38 жағдай,
Алматы қаласы – 20 жағдай,
Қарағанды облысы – 19 жағдай.
2025 жылдың қорытындысы бойынша елде қызылшаның 4 240 жағдайы тіркелген, оның ішінде 76,4%-ы егілмегендер. Егілмегендердің арасында балалардың едәуір бөлігі екпеден бас тарту, медициналық қарсы көрсетілімдер немесе екпе жасына жетпеу себептеріне байланысты вакцинацияланбаған.
Жыл басынан бері 1 жастағы 69 мың бала және 6 жастағы 66,8 мың бала егілді.
Сонымен қатар, қосымша иммундау шеңберінде шамамен 1,5 млн адам, оның ішінде кіші жастағы балалар мен қауіп топтарына жататын тұлғалар екпе алды.
Сондай-ақ, толықтырушы иммундау жүргізіліп жатыр: жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі 58,2 мың бала мен жасөспірім қамтылды.
Жаңалықтар
0