Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол пайда болады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАқордада Моңғолия президентін ресми қарсы алу
Ақордада Моңғолия президентін ресми қарсы алу - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Жазылу
Алдымен бірлескен үкіметаралық жұмыс тобы құрылады
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында көлік-тасымал саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілгенін айтты.
"Сондықтан Хурэлсух мырза екеуіміз Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол ашуға мүдделі екенімізді растадық. Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік", - деді президент.
Тоқаев бұл жан-жақты сараптап, мұқият зерделеуді қажет ететін күрделі мәселе болғанымен, ең бастысы, жол құрылысы бойынша мақсат бір екенін айтты. Сол себепті алдымен бірлескен үкіметаралық жұмыс тобы құрылады.
"Аталған жұмыс тобы осы мәселе бойынша барлық түйткілді қарайды, көршілес елдермен келіссөздер жүргізеді және жалпы жобаның уақтылы орындалуын қадағалайды. Алдағы уақытта Қазақстан – Моңғолия автожолы елдеріміздің арасындағы сауда-саттықты арттыруға ерекше серпін беретіні анық. Бұл жолдың игілігін іргелес елдер де көретін болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиында Қазақстан президенті әуе қатынасын жандандыру маңызды екенін еске салды.
"Қазір "Алматы – Ұлан-Батыр" бағытында тұрақты рейстер бар. Көп ұзамай "Астана – Ұлан-Батыр" әуе қатынасы қайта ашылады", - деді мемлекет басшысы.
Қазақстан мен Моңғолия келіссөздерден кейін 13 құжат алмасты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия келіссөздерден кейін 13 құжат алмасты
Жаңалықтар
0