https://sputnik.kz/20260421/qazaqstan-men-mongoliya-arasyndagy-sauda-kolemi-77-payyzga-osti-62841306.html
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Моңғолия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 21.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-21T14:38+0500
2026-04-21T14:38+0500
2026-04-21T14:43+0500
моңғолия
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62840439_0:52:1280:772_1920x0_80_0_0_5c708ade0c0d64d3cfcd1a8c07b53f63.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Былтыр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсіп, 130 миллион доллардан асқан.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты, деп хабарлады Ақорда.Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстан президентін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұл тарихи уақиға Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, заң үстемдігіне негізделген қоғам құруға негіз болатынына сенім білдірді.Келіссөз барысында тараптар ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру, тау-кен, туризм, көлік-логистика, өңіраралық байланыс бағыттарындағы өзара тиімді серіктестік перспективасын талқылады.Мемлекеттер басшылары бұл ретте Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру, Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берді.Қазақстан президенті Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашуға көрсеткен қолдауы үшін Моңғолия президентіне алғыс айтты.Бұдан бөлек, кездесуде екі елдің білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастығын ілгерілету мәселесі қарастырылды.
моңғолия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/15/62840439_91:0:1190:824_1920x0_80_0_0_474d42746dbdd145ea7dbadbe67a10c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
моңғолия
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
14:38 21.04.2026 (жаңартылды: 14:43 21.04.2026) Қазақстан мен Моңғолия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Былтыр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсіп, 130 миллион доллардан асқан.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты, деп хабарлады Ақорда.
"Сіздің 2024 жылғы елімізге сапарыңыз аясында Моңғолия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша 2025-2027 жылдарға арналған жол картасына қол қойылған еді. Ендігі міндет – өзара тауар айналымын 500 миллион долларға дейін жеткізу", – деді Моңғолия президенті.
Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстан президентін жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, бұл тарихи уақиға Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, заң үстемдігіне негізделген қоғам құруға негіз болатынына сенім білдірді.
Келіссөз барысында тараптар ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру, тау-кен, туризм, көлік-логистика, өңіраралық байланыс бағыттарындағы өзара тиімді серіктестік перспективасын талқылады.
Мемлекеттер басшылары бұл ретте Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру, Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берді.
Қазақстан президенті Баян-Өлгей аймағында Қазақстан консулдығын ашуға көрсеткен қолдауы үшін Моңғолия президентіне алғыс айтты.
Бұдан бөлек, кездесуде екі елдің білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастығын ілгерілету мәселесі қарастырылды.