https://sputnik.kz/20260421/politsiya-ai-kameralar-rolde-telefon-qoldangandardy-qalay-anyqtaytynyn-korsetti-video-62823127.html
Полиция AI-камералар рөлде телефон қолданғандарды қалай анықтайтынын көрсетті (ВИДЕО)
Полиция AI-камералар рөлде телефон қолданғандарды қалай анықтайтынын көрсетті (ВИДЕО)
Sputnik Қазақстан
Жүйе жол апаттарының санын азайтуға, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған 21.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-21T09:00+0500
2026-04-21T09:00+0500
2026-04-21T09:00+0500
астана
бейнекамера
жол жүру ережесі
жол апаты
жол полициясы
https://sputnik.kz/img/321/92/3219238_0:211:1722:1180_1920x0_80_0_0_8f63b393540b7d5c7c7a95dd9f4f1550.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Елордада Astana Smart City жобасы аясында жол ережесін бұзушыларды анықтайтын AI-видеосараптаманың кеңейтілген мүмкіндіктері іске қосылып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Жаңа алгоритмдер автоматты түрде көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін тақпау және жол қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторларды анықтай алады.Дәстүрлі жүйелерден айырмашылығы, жаңа AI-камералар тек жекелеген құқық бұзушылықтарды тіркеумен шектелмей, қалалық және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген бірыңғай цифрлық платформаның бір бөлігі болып саналады. Бұл жол жағдайын кешенді талдауға және көлік ағындарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.Жүйе қажетті сертификаттау рәсімдерінен өтіп, кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.Аталған шешімдер жол апаттарының санын азайтуға, жүргізушілердің тәртібін арттыруға және қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/321/92/3219238_0:134:1579:1318_1920x0_80_0_0_cb2af4657fb1963ced707a5ae94d2445.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, бейнекамера, жол жүру ережесі, жол апаты, жол полициясы
астана, бейнекамера, жол жүру ережесі, жол апаты, жол полициясы
Полиция AI-камералар рөлде телефон қолданғандарды қалай анықтайтынын көрсетті (ВИДЕО)
Жүйе жол апаттарының санын азайтуға, тұрғындар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Елордада Astana Smart City жобасы аясында жол ережесін бұзушыларды анықтайтын AI-видеосараптаманың кеңейтілген мүмкіндіктері іске қосылып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа алгоритмдер автоматты түрде көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін тақпау және жол қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторларды анықтай алады.
"Қазіргі уақытта бұл ереже бұзушылықтар тестілік режимде тіркеліп жатыр. Жүйе компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларына негізделіп, жоғары дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз етеді", - деп жазылған хабарламада.
Дәстүрлі жүйелерден айырмашылығы, жаңа AI-камералар тек жекелеген құқық бұзушылықтарды тіркеумен шектелмей, қалалық және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген бірыңғай цифрлық платформаның бір бөлігі болып саналады. Бұл жол жағдайын кешенді талдауға және көлік ағындарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Жүйе қажетті сертификаттау рәсімдерінен өтіп, кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.
Аталған шешімдер жол апаттарының санын азайтуға, жүргізушілердің тәртібін арттыруға және қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.