Бектенов павлодарлық студенттер әзірлеген қосымшаны кең ауқымда енгізуді тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина с телефоном в руках
Мужчина с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында инватакси шақыруға арналған павлодарлық студенттердің қосымшасын масштабтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Отырыста Астана қаласы мен Павлодар облысының әкімдері өңірлердегі инклюзивті жобалар туралы баяндама жасады.
"Үкіметке жолданған өтініштердің бірінде павлодарлық студенттердің инватакси шақыруға арналған ыңғайлы қосымша әзірлегені туралы айтылған. Жасанды интеллект министрлігі әкімдікпен бірлесіп, оны басқа да аймақтарға тарату мәселесін ойластыруы керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ премьер-министр тиісті компаниялармен (соның ішінде Yandex және т.б.) бірлесіп, қосымшалардағы карталарда жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген нысандарды белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0