https://sputnik.kz/20260421/astanada-dzyudodan-tortinshi-ret-qazaqstan-barysy-grand-slam-turniri-otedi-62836634.html
Астанада дзюдодан төртінші рет Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Астанада дзюдодан төртінші рет Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Sputnik Қазақстан
Бірінші орынға 1000, екінші орынға 700, үшінші орынға 500 ұпай беріледі 21.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-21T13:20+0500
2026-04-21T13:20+0500
2026-04-21T13:20+0500
қазақстан барысы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0b/53445338_0:64:1281:784_1920x0_80_0_0_8a37a9508d0a4cb497a333dab61620b1.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астанада 8-10 мамыр күндері дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл жарыс елордада төртінші рет ұйымдастырылып, әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинамақ.Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген беделді турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында өтеді.Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем және құрлық чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысады деп күтіліп отыр.Айта кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 2023 жылы қол қойған екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды. Сондай-ақ 2027 жылы Астана қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0b/53445338_113:0:1158:784_1920x0_80_0_0_06baf2b370a11ad73f2ae4473385d464.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан барысы
Астанада дзюдодан төртінші рет Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Бірінші орынға 1000, екінші орынға 700, үшінші орынға 500 ұпай беріледі
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астанада 8-10 мамыр күндері дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жарыс елордада төртінші рет ұйымдастырылып, әлемнің үздік дзюдошыларын бір алаңға жинамақ.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген беделді турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында өтеді.
"IJF талаптарына сәйкес, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және Олимпиадалық рейтинг ұпайлары үлестіріледі. Атап айтқанда, бірінші орынға 1000, екінші орынға 700, үшінші орынға 500 ұпай беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде спортшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік беретін маңызды ұпайлар жинайды.
Жарысқа Олимпиада ойындарының, әлем және құрлық чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысады деп күтіліп отыр.
Айта кетсек, Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) 2023 жылы қол қойған екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды. Сондай-ақ 2027 жылы Астана қаласында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.