Жамбыл облысындағы магистральдық канал реконструкцияланып жатыр

© Photo : Су ресурстары және ирригация министрлігіЖамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2026
Жазылу
Диқандарды сумен қамтамасыз ету үшін уақытша канал салынады
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында ұзындығы 9,2 км магистральдық каналда реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Исмаил" магистральдық каналындағы жұмыстар биыл қаңтар айында басталды, бүгінде 2,5 шақырым учаске реконструкцияланды.
"Жоба аясында каналды бетондау, су шығару тетіктерін, бөгейтін құрылысжайлар мен нөсерлетіп су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
"Исмаил" каналы арқылы Аса өзенінен Жамбыл ауданының суармалы жерлеріне су жеткізіледі. Нысанның су өткізу қуаты - секундына 6 текше метр. Каналды реконструкциялау 1454 гектар жерге судың жеткізілуін жақсартып, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
"Нысанда 35 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Суару кезеңінде де нысанда жұмыстар жалғасады. Диқандарды сумен қамтамасыз ету үшін уақытша канал салынып жатыр", – деді мердігер ұйымның өкілі Ерлан Оразбаев.
Жаңалықтар
0