Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 31 млрд доллардан асты

© Photo : Официальный сайт правительства КРСитуация на кыргызско-казахской границе
Ситуация на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2026
Жазылу
Қазақстан бүгінде интеграциялық үдерістерге қатысып қана қоймай, олардың күн тәртібін қалыптастырып отыр
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 31 млрд доллардан асты. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты.
"Бұл сауда қатынастарын одан әрі кеңейту әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Осындай жағдайда техникалық реттеу құралдары мен санитарлық-фитосанитарлық шаралар тек нарықты дамыту мен бизнесті қолдауға қызмет етуге тиіс. Тауарлардың еркін қозғалысын шектеуге әкелетін кез келген бастама қабылданбайды", – деді министр.
Шаққалиев сондай-ақ интеграциялық үдерістер ұлттық басымдықтарға қайшы келмеуге тиіс екенін атап өтті.
Министрліктің мәліметінше Қазақстан бүгінде интеграциялық үдерістерге қатысып қана қоймай, олардың күн тәртібін қалыптастырып отыр. Қазақстан бес маңызды құжатты әзірледі. Олардың қатарында үш техникалық регламент пен екі өзгерістер пакеті бар.
"Осы жылдың 13 наурызында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған лак-бояу материалдарына қатысты ЕАЭО техникалық регламентінің жобасына қазіргі уақытта одаққа мүше мемлекеттер қол қойып жатыр. Сонымен қатар, мал азығы мен жемдік қоспаларға арналған техникалық регламент жобасы бойынша Ресей Федерациясында ішкі келісу рәсімі әлі аяқталған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
0