https://sputnik.kz/20260420/ishki-ister-ministrligi-qazaqstandyqtarga-eskertu-zhasady-62800832.html
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Жалған ақпарат әзіл, қалжың ретінде таратылса да, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады 20.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-20T10:31+0500
2026-04-20T10:31+0500
2026-04-20T10:31+0500
полиция
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар жауапкершілікке тартылатынын еске салды, деп хабарлады Polisia.kz.Ведомствоның мәліметінше жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері тіркеліп жатыр. Мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, бұлар қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады.Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысының тоқтауына әкеледі, сондай-ақ шұғыл қызметтердің елеулі күштері мен құралдарын алаңдатады.Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды қолдану арқылы анықталады.Полиция азаматтарды:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жалған ақпарат
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Жалған ақпарат әзіл, қалжың ретінде таратылса да, қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар жауапкершілікке тартылатынын еске салды, деп хабарлады
Polisia.kz. "Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату фактілері тіркеліп жатыр. Мұндай әрекеттер әзіл, қалжың ретінде жасалса да, бұлар қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдардың, білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмысының тоқтауына әкеледі, сондай-ақ шұғыл қызметтердің елеулі күштері мен құралдарын алаңдатады.
Бұл қылмысты жасағаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Осындай барлық хабарлама міндетті түрде тексеріледі, ал оларды таратқан тұлғалар заманауи цифрлық және техникалық құралдарды қолдану арқылы анықталады.
тексерілмеген ақпаратты таратпауға;
жалған шақырулар мен хабарламалар жасамауға,
балаларға терроризм актісі туралы жалған хабарламалар үшін жауапкершілік бар екенін түсіндіруге,
қауіп-қатері бар хабарламалар алған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырды.