Brent мұнайының биржадағы бағасы 96 доллардан асты

© AP Photo / Tony GutierrezДобыча нефти
Добыча нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2026
Жазылу
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз үзілуі мүмкін болғандықтан нарық құбылып тұр
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Brent мұнайының бір баррелінің бағасы биржада 6,3%-ға өсті.
Сауда деректеріне сәйкес, АҚШ пен Иран келіссөзі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін болғандықтан баға 96 доллардан жоғары көтерілді.
20 сәуір таңына қарай Brent мұнайының фьючерстері 6,3%-ға қымбаттап, барреліне 96 доллардан асты.
19 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің өкілдері Иран бойынша келіссөзге қатысу үшін Исламабадқа аттанып жатқанын хабарлады.
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз алдағы 24 сағат ішінде қайта басталатынын мәлімдеді.
Кейін IRNA агенттігі Иран АҚШ-пен келіссөздің екінші кезеңіне қатысудан бас тартқанын хабарлады.
Сонымен қатар, 20 сәуірге қараған түні АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Оман шығанағы аумағында америкалық блокаданы бұзуға тырысқан Иран сауда кемесінің ұсталғанын растады.
Жаңалықтар
0