Астанада Ресейдің Қазақстандағы мәдени күндері өтеді

© Photo : Посольство России в Казахстане Астанада Ресейдің Қазақстандағы мәдени күндері өтеді
Астанада Ресейдің Қазақстандағы мәдени күндері өтеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2026
Жазылу
Негізгі іс-шара 23 сәуір күні "Астана Опера" театрының сахнасында өтеді
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. 23 сәуірде Астанада Ресейдің Қазақстандағы мәдени күндері басталады, деп хабарлады Мәдениет министрлігі.

"Бағдарлама аясында өткізілетін шығармашылық және іскерлік іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған", - делінген хабарламада.

Негізгі іс-шара – Ресейдің мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 23 сәуір күні "Астана Опера" театрының сахнасында өтеді.
Бұл күні елордада Қазақстандағы Ресей киносы фестивалі де басталып, фильм көрсетілімдері 26 сәуірге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында 23 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде екі елдің ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылдың 10-13 қазаны аралығында Мәскеуде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы мәдениет күндері өткен еді.
Касым-Жомарт Токаев и Владимир Путин на гала-концерте Дней культуры Казахстана в России  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Тоқаев пен Путин Мәскеудегі Үлкен театрда гала-концертті тамашалады
Жаңалықтар
0