Жыл басынан бері еңбек иммигранттарына 75 мың рұқсат рәсімделді - министрлік

© Photo : Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіЖыл басынан бері еңбек иммигранттарына 75 мың рұқсат рәсімделді - министрлік
Жыл басынан бері еңбек иммигранттарына 75 мың рұқсат рәсімделді - министрлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2026
Жазылу
Еңбек иммигранттарын тарту квотасы 221,8 мың адам деңгейінде айқындалған
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек иммигранттарының санын атады.
"Жыл басынан бері шетелдік қызметкерлерді тарту үшін сұранысқа ие мамандықтарға 5,1 мың, ал еңбекші көшіп келушілерге 75 мыңға жуық рұқсат берілді", – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2026 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 23,6 мың адамды құрайды, ал еңбек иммигранттарын тарту квотасы 221,8 мың адам деңгейінде айқындалған.
Министрліктің айтуынша, елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және Қазақстанмен өз болашағын байланыстыратын, яғни азаматтық алуға ниетті шетел азаматтарын қабылдау сапасын арттыруға бағытталған көші-қон саясаты жүйелі түрде жетілдіріліп келеді.
Осыған байланысты тұрақты тұруға рұқсат алу тетігінің заманауи цифрлық тәсілдер мен ашықтық қағидаттарына негізделген жаңартылған тетігі енгізіліп жатыр.
"Аталған тәсілді іске асыру тұрақты тұруға ниетті адамдарды неғұрлым дәл әрі теңгерімді қабылдауды қамтамасыз етіп, көші-қон үдерістерінің тиімділігін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Айта кетері, ,Еуразиялық экономикалық одаққа (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы) мүше мемлекеттердің азаматтары үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.
Олар Қазақстан аумағында рұқсат құжаттарын алмай-ақ еркін жұмысқа орналасу құқығына ие.
Шетелдік жұмыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2026
Еңбек иммигранттарына Қазақстанда жұмыс істеуге енді онлайн рұқсат беріледі
Жаңалықтар
0