Рыбакина финалға шықты: Штутгартта титулды қорғауға бір қадам қалды

© Photo : sports.kzЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2026
Жазылу
Беделді турнирдің финалында қазақстандық Чех спортшысы Каролина Муховамен кездеседі
АСТАНА, 19 сәуір-Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.
Ол жартылай финалда әлемнің 9-ракеткасы, ресейлік Мирра Андрееваны екі сетте ұтты.
Алғашқы сет тартысты өтті. Қос теннисші де жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Дегенмен шешуші сәттерде Рыбакина партияны өз пайдасына 7:5 есебімен аяқтады.
Екінші сетте қазақстандық теннисші айқын басымдық танытты. Оның сенімді шабуылдары мен артқы сызықтағы үстем ойыны қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Нәтижесінде сет 6:1 есебімен аяқталды.
Финалда, әлемнің 2-ракеткасы атанған Елена Рыбакина Чехия өкілі, WTA рейтингінде 13-орында тұрған Каролина Муховамен кездеседі.
Рыбакина үшін бұл 2024 жылы жеңіп алған Штутгарт кубогын қайта көтеруге тамаша мүмкіндік.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына шықты
Жаңалықтар
0