Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров Украинаны қолдайтын коалицияға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуСергей Лавров
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2026
Жазылу
Министрдің айтуынша, Еуропа елдерінің ұлттық мүдделеріне реваншистік, әскерилендірілген саясат сәйкес келуі мүмкін емес
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Еуропада Украинаға әскер жіберу үшін ойлап табылған "еріктілер коалициясы" көп ұзамай өз мақсатынан айнып қалуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.
Еске салайық, 6 қаңтарда Парижде "еріктілер коалициясының" жоғары деңгейдегі кездесуі өтті. Жиында басқа мәселелермен қатар Украинаның қауіпсіздік кепілдігі де талқыланды. Кездесуден кейін келісілген құжатқа сәйкес, "коалиция" Киев режимін ұзақ мерзімді әскери қолдауды жалғастыруға келісті, ал көшбасшылар бейбітшілік келісіміне қол жеткізілген жағдайда Украина аумағына әскерлер орналастыру ниеті туралы декларацияға қол қойды.
"Олар осы атауды ойлап тапты. Бірақ қазір олар "шынайы болып көрінгісі келетіндердің коалициясына" көбірек ұқсайды. Мен бұл коалиция жақын арада "бас тартқандар коалициясына" айналады деп ойлаймын", - деді Лавров Анталия дипломатиялық форумының арнайы сессиясы барысында.
Министрдің айтуынша, Еуропа елдерінің ұлттық мүдделеріне реваншистік, әскерилендірілген саясат сәйкес келуі мүмкін емес.
Ресей сыртқы істер министрлігі бұған дейін НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскерлерін Украинаға орналастырумен байланысты кез келген сценарий Ресей үшін қолайсыз екенін және жағдайдың күрт ушығу қаупін тудыратынын хабарлаған болатын. Ұлыбританияда және басқа да еуропалық елдерде Украина аумағында НАТО-ға мүше мемлекеттердің контингентінің орналасу мүмкіндігі туралы мәлімдемелерді министрлік қақтығыс қимылдарын жалғастыруға арандату деп атады.
Украина бойынша келіссөздерді қайта бастау мәселесі әлі басымдыққа ие емес - Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша келіссөздерді қайта бастау мәселесі әлі басымдыққа ие емес - Лавров
Жаңалықтар
0