Сарбаздарға ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етілді

© Sputnik / Санат ИмангалиевСарбаздарға әскерде ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі
Сарбаздарға әскерде ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2026
Жазылу
Бұған дейін әскери қызметшілер тек батырмалы телефондарды және қатаң шектеулі уақытта ғана пайдалана алатын
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстан Қарулы Күштерінде ұялы телефондарды пайдалану қағидалары жаңартылды.
Қорғаныс министрлігінде техникалық құралдарды (оның ішінде мобильді құрылғыларды) енгізу, шығару және пайдалану тәртібін реттейтін бұйрыққа өзгерістер енгізілді.
Не өзгерді:
Сарбаздарға, курсанттар мен кадеттерге ұялы телефондарды орналасу орнына (казармаға) дейін өшірулі күйде алып келуге және алып шығуға рұқсат етілді.
телефондарды пайдалану өз бөлімшесі шегінде (казармада), сондай-ақ әскери госпитальдарда және әскери-медициналық мекемелерде рұқсат етіледі.
пайдалану уақыты жергілікті жерде командирлермен айқындалады — әдетте жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындыққа кедергі келтірмейтін жеке уақыт ішінде.
Бұған дейін әскери қызметшілер тек батырмалы телефондарды және қатаң шектеулі уақытта ғана пайдалана алатын.
Өзгерістер тұрмыстық жағдайларды жақсартуға және жақындармен байланыс орнатуға мүмкіндік беруге бағытталған.
Человек в капюшоне на улице ночью - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2026
Әскерде зорландым деп елден ақша жинаған жігіт ұсталды
Жаңалықтар
0