https://sputnik.kz/20260418/qaragandy-aurukhanasynda-bir-zhasar-bala-koz-zhumdy-ministrlik-tusinikteme-berdi-62776098.html
Қарағанды ауруханасында бір жасар бала көз жұмды: министрлік түсініктеме берді
Қарағанды ауруханасында бір жасар бала көз жұмды: министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Пациент ауру басталғаннан кейінгі екінші тәулікте инфекциялық орталыққа емдеуге жатқызылған 18.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-18T17:40+0500
2026-04-18T17:40+0500
2026-04-18T17:41+0500
денсаулық сақтау министрлігі
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07ea/04/12/62775720_0:495:1024:1072_1920x0_80_0_0_93afa3031d75fff901ca23fd6825db6c.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарағандыдағы бала өліміне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жазды.Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент ауру басталғаннан кейінгі екінші тәулікте инфекциялық орталыққа емдеуге жатқызылған. Министрліктің мәліметінше, ауру ағымы айқын иммун тапшылығымен, сондай-ақ туғаннан бастап вакцинациялаудың болмауымен асқынған, бұл ағзаның инфекцияға қарсы тұру мүмкіндігін едәуір шектеп, жүргізілген емнің тиімділігін төмендеткен. Қарқынды терапия жүргізіліп, барлық қажетті шаралар қабылданғанына қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады, деп жазды министрлік.Министрлік аталған факт бойынша көрсетілген медициналық көмекті объективті бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жан-жақты тексеру жүргізілетінін хабарлады. Сондай-ақ БАҚ өкілдерін, блогерлерді және қоғамды тек тексерілген әрі ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, асығыс қорытынды жасамауға және расталмаған деректерді таратудан бас тартуға шақырды.
https://sputnik.kz/20260416/mangystauda-oqushy-olimine-baylanysty-arnayy-komissiya-qurylady---ministrlik-62721470.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/12/62775720_0:419:1024:1188_1920x0_80_0_0_1a021d19c83d3c29ddf899589a7b42da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, қарағанды облысы
денсаулық сақтау министрлігі, қарағанды облысы
Қарағанды ауруханасында бір жасар бала көз жұмды: министрлік түсініктеме берді
17:40 18.04.2026 (жаңартылды: 17:41 18.04.2026) Пациент ауру басталғаннан кейінгі екінші тәулікте инфекциялық орталыққа емдеуге жатқызылған
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарағандыдағы бала өліміне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі жазды.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент ауру басталғаннан кейінгі екінші тәулікте инфекциялық орталыққа емдеуге жатқызылған.
"Жағдайының нашарлауына байланысты бала реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Тексеру барысында бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ текті қоздырғыштардың болуымен аралас инфекцияға байланысты аса ауыр жағдай анықталды", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, ауру ағымы айқын иммун тапшылығымен, сондай-ақ туғаннан бастап вакцинациялаудың болмауымен асқынған, бұл ағзаның инфекцияға қарсы тұру мүмкіндігін едәуір шектеп, жүргізілген емнің тиімділігін төмендеткен.
"Медициналық көмек қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көлемде көрсетілді. Емдеу тәсілі бірнеше рет республикалық консилиумдардың шеңберінде, салалық мамандардың, соның ішінде штаттан тыс бас балалар инфекционисті, бас балалар пульмонологы, бас балалар реаниматологының қатысуымен қаралды. Қосымша түрде экстракорпоральдық мембраналық оксигенацияны (ЭКМО) қолдану мүмкіндігі де қарастырылды", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.
Қарқынды терапия жүргізіліп, барлық қажетті шаралар қабылданғанына қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады, деп жазды министрлік.
Министрлік аталған факт бойынша көрсетілген медициналық көмекті объективті бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жан-жақты тексеру жүргізілетінін хабарлады.
Сондай-ақ БАҚ өкілдерін, блогерлерді және қоғамды тек тексерілген әрі ресми ақпарат көздеріне сүйенуге, асығыс қорытынды жасамауға және расталмаған деректерді таратудан бас тартуға шақырды.