https://sputnik.kz/20260417/zhazda-aqtaudan-batumige-tikeley-reyster-iske-qosylady-62748870.html
Жазда Ақтаудан Батумиге тікелей рейстер іске қосылады
Жазда Ақтаудан Батумиге тікелей рейстер іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады 17.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-17T22:49+0500
2026-04-17T22:49+0500
2026-04-17T22:49+0500
ұшақ
грузия
рейстер
арзан рейстер
https://sputnik.kz/img/295/62/2956240_0:68:2889:1694_1920x0_80_0_0_383460f40fa118fd5e860bbfb4f3ade7.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Батуми – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің іске қосылатынын хабарлады.Рейстер 2026 жылдың 6 маусымында басталып, 29 тамызға дейін орындалады.Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады.Бұған дейін әуекомпания Астанадан Батумиге рейстердің іске қосылатынын хабарлаған болатын. Бұл бағыттағы рейстер 2 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. 25 маусымнан бастап жиілік аптасына үш рейске дейін ұлғайтылып, бейсенбі күнгі қосымша рейс енгізіледі.
https://sputnik.kz/20260406/astanadan-kutaisige-reyster-sany-artady-62444710.html
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/295/62/2956240_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_81c9161ab5eee3bcc9d1f15649011796.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, грузия, рейстер, арзан рейстер
ұшақ, грузия, рейстер, арзан рейстер
Жазда Ақтаудан Батумиге тікелей рейстер іске қосылады
Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Батуми – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстің іске қосылатынын хабарлады.
Рейстер 2026 жылдың 6 маусымында басталып, 29 тамызға дейін орындалады.
"Әуе кемелері аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері ұшады. FS7729 рейсі Ақтаудан сағат 09:05-те ұшып, Батумиге 09:55-те қонады. Кері бағыттағы FS7730 рейсі Батуми қаласынан 10:55-те ұшып, Ақтауға 13:40-та жетеді", - деп жазылған компания хабарламасында.
Әуе билеттерінің құны бір бағытқа 41 000 теңгеден басталады.
"Батумиге бағыттар желісін кеңейту жолаушыларға жазғы саяхаттар үшін ыңғайлырақ мүмкіндіктер ұсынуға жол ашады. Сонымен қатар, әуе компаниясы Қазақстанның бірқатар қаласынан Кутаиси бағыты бойынша рейстерді жыл бойы орындайды", - дейді "FlyArystan" АҚ президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген.
Бұған дейін әуекомпания Астанадан Батумиге рейстердің іске қосылатынын хабарлаған болатын. Бұл бағыттағы рейстер 2 маусымнан бастап аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. 25 маусымнан бастап жиілік аптасына үш рейске дейін ұлғайтылып, бейсенбі күнгі қосымша рейс енгізіледі.