Тоқаев Анталия дипломатиялық форумына қатысып жатыр

© Photo : Скриншот видео пресс-службы президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев участвует в участвует в Анталийском дипломатическом форуме
Касым-Жомарт Токаев участвует в участвует в Анталийском дипломатическом форуме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Жазылу
Оны Түркия сыртқы істер министрлігі президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен ұйымдастырды
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Түркияда Анталия дипломатиялық форумы басталды.
Осы іс-шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Президент форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды.
Бұл жаһандық тәуекелдерді талқылауға, аймақтық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге және жетекші әлемдік саясаткерлер арасындағы диалогты дамытуға арналған жыл сайынғы жоғары деңгейдегі халықаралық конференция.
Оны Түркия сыртқы істер министрлігі президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен ұйымдастырды.
17 сәуірде Тоқаев "Болашақты жоспарлау: Белгісіздікті басқару" панельдік сессиясына қатысады. Оған Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе де қатысады.
Форумға сондай-ақ 20 мемлекет басшысы және 50-ден астам дипломат пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Іс-шара 17-19 сәуір аралығында Анталия провинциясының Белек қаласында өтеді.
Тоқаев 17 сәуірде Түркияға барады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Тоқаев Ердоғанның шақыруымен 17 сәуірде Түркияға барады
Жаңалықтар
0