Алматыда арыстанға тас атқан ер адам ұсталды

CC0 / Wokandapix / Подросток за забором, архивное фото
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Жазылу
Соттың шешімімен бұзақыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Алматы зообағында арыстанға тас атқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тараған болатын. Онда құқық бұзушы вольерде жатқан арыстанға тасқа ұқсас затты лақтырғаны анық көрініп тұр. Бұл қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орында өзін ұстау қағидаларын өрескел бұзу болып саналады.
"Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды", - дейді полицейлер.
Ал әкімшілік соттың шешімімен бұзақыға 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Львенок лежит рядом со своей матерью Арьей, Великобритания - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Алматы хайуанаттар бағында ер адам арыстанға тас лақтырған
Жаңалықтар
0